Дайындық бөлімі

"Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ дайындық бөлімі қызметі тыңдаушылардың жалпы білім деңгейін және тілдік даярлығын арттыруға бағытталған.

Дайындық бөліміне қабылдау және білім беру Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 24 маусымындағы №310 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

Мақсаты – оқыту бағытына қарай қазақ тілі мен жалпы білім беретін пәндерді оқытуды ұйымдастыру арқылы тыңдаушыларды жоғары оқу орнында одан әрі қосымша білім алуға дайындау.

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар мемлекеттік тілді және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға қажетті оқу материалдарын меңгеру үшін білім беруді ұйымдастыру.
  • Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары оқу орындарына түсу үшін оқу пәндері циклі бойынша дайындық деңгейін арттыру.
  • Шетелдік азаматтардың тілдік дайындық деңгейін арттыру үшін білім беруді ұйымдастыру.

 
Тыңдаушылар санаты
 
Қажетті құжаттар тізімі
 
1-қадам. Құжаттарды қабылдау
 
2-қадам. Құжаттарды тексеру
 
3-қадам. Қабылдау емтиханы
 
 Қабылдау емтиханының нәтижесі

Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, Дайындық бөлімі, Қашаған көшесі,1, №3 оқу корпусы, 206-кабинет.

Байланыс телефондары: +7 747 732 96 32, +7 775 433 54 49