Fылыми-педагогикалық қоғам мен студент жастарға ҮНДЕУ

Miнe екінші жыл қатарынан бүкіл әлем және біздің еліміз де «21 ғасыр індеті» – COVID-19 коронавирустық инфекциясымен белсенді күресіп келеді.

Коронавирус инфекциясының көптеп таралуы жағдайында жоғары оқу орындары үшін басты басымдық студенттердің, профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету болып отыр.

Мемлекет басшысы мен үкімет комиссиясы қабылдаған уақытылы әpi тиімді әрекеттер инфекцияның таралу салдарын жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Білім және ғылым министрлігі барлық білім деңгейлерінде енгізген теңдессіз және жедел шаралар әріптестеріміз бен білім алушыларды максималды түрде қауіпсіздендіруге, қашықтықтан жұмыс icтeyгe және оқуға көшуге мүмкіндік берді. Бастысы, оқу үдеpici тоқтатылған жоқ және пандемия жағдайындағы әлеуметтік оқшаулану талаптары мен нормаларына бейімделді.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының басшылығы инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау, жеке байланыстарды азайтып, online форматта интерактивті оқытуды ұйымдастыру бойынша белсенді шаралар қабылдауды жалғастырып жатқанын атап айту керек.

Оқу жылының аяқталуы және жазғы демалыстар, жаппай демалыс алу маусымының басталуы қарсаңында, өкінішке қарай бұл инфекциямен ауырудың арту қауіп сақталып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев коронавирус инфекциясына қарсы шаралар жөніндегі отырыста (18.03.21) сөйлеген сөзінде елімізде сақталып отырған тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай фактісіне, 2020 жылдың жазындағы жағдай қайталану қаупінің жоғары екеніне баса назар аударды.

Сондықтан Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім ұйымдарының Ректорлар Кеңесі коронавирустық инфекция пандемиясы жағдайында ғылыми-педагогикалық қоғамдастық пен студенттерді азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті жоғары деңгейде сақтауға, жеке және қоғамдық тәртіптің нормалары мен ережелерін сақтауға шақырады.

Бүгінгі күні әрқайсыңыз эпидемияға қарсы шараларды толық сақтауыңыз, ұжымдық иммунитетті қалыптасуына көмектесуіңіз, COVID-19-ға қарсы екпе салдыруға қатысып, осылайша өзіңізді, жақындарыңызды, жалпы қоғамды қорғауыңыз аса маңызды.

COVID-19 вирусы ауыр сынақ болып табылады. Бipақ бiз бірігіп бұл дертті жеңетінімізге сенеміз.

Баршаңызға мықты денсаулық, өмірлік оптимизм мен үлкен кәсіби жетістіктер тілейміз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Университет