Шығыс аймақтық жоғары оқу орындарының ректорлар кеңесі туралы ереже

Шығыс аймақтық жоғары

оқу орындарының Ректорлар Кеңесінің

отырысында бекітілді

«18» мамыр 2021 ж.

 

 

ШЫҒЫС АЙМАҚТЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ

РЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ

 

Осы Ереже Шығыс аймақтық жоғары оқу орындарының Ректорлар Кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) құқықтық мәртебесін және оған жүктелген функцияларды іске асыру тәртібін айқындайды.

  1. Кеңес тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның дербес құрамы Кеңес отырысында бекітіледі.
  2. Кеңес Шығыс аймақтық жоғары оқу орындарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту мәселелері бойынша қызметін үйлестіру, оқу үрдісін, ғылыми жұмысты ұйымдастыру, ғылыми-педагогикалық кадрлардың және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оң тәжірибені жинақтау және тарату, жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, өңір мен елдің білікті мамандарға қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ЖОО ұжымдарын мүшелерін әлеуметтік қолдау мен қорғау мақсатында құрылды.
  3. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

1) оқу үрдісін одан әрі жетілдіруге, ғылымды дамытуға және материалдық-техникалық базаны жақсартуға бағытталған жоғары білім берудегі жалпы тәсілдер мен саясатты айқындау үшін ұсынымдар әзірлеу;

2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу;

3) оқу-әдістемелік бірлестікті құру және оның сапалы жұмыс атқаруын қамтамасыз ету;

4) аймақ экономикасының қажеттіліктерін, еңбек ресурстарының болуын, сонымен қатар, Шығыс аймақтық жоғары оқу орындарында мамандықтарды /білім беру бағдарламаларын және даярлау бағыттарын ұтымды орналастыруды ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5) жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу, білім беру үрдісінде академиялық адалдыққа, коммуникативтік ашықтыққа қол жеткізу;

6) білім беру үрдісінде плюрализм мен инклюзивтілікті қамтамасыз ету;

7) студенттер мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің академиялық ұтқырлығына жәрдемдесу, мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру және ғылыми зерттеулер саласында аймақтық жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің интеграциясын дамыту;

8) Шығыс аймақтық ЖОО студенттерінің тәжірибелік дайындығы, жоғары оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен байланыстарын нығайту;

9) аймақтың жоғары оқу орындарының кәсіптік бағдарлау және дарынды жастармен жұмыс жөніндегі қызметін үйлестіру;

10) аймақтық ЖОО-ның дамуы, студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, тыңдаушылардың, оқытушылардың және ЖОО-ның басқа қызметкерлерінің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша іс-шаралар мен ұсыныстарды әзірлеу;

11) аймақтық ЖОО-ның халықаралық байланыстарын нығайту және дамуына;

12) Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелеріне қатысты нормативтік актілер жобаларына сараптама жасау;

13) салалық академиялармен, жоғары оқу орындарының қауымдастықтарымен, жұмыс берушілер қауымдастығымен, кәсіптік одақтармен, қорлармен өзара әрекеттесу;

14) жоғары оқу орындарының ректорлары мен басшы қызметкерлерінің басқа да санаттарының әлеуметтік мәртебесін арттыруға жәрдемдесу;

15) жоғары мектеп қызметінің мәселелері бойынша мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және азаматтарға кеңестік және ақпараттық қызмет көрсету.

  1. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін және Кеңес жұмысының бағытын, оның өкілеттігін, құрылымын айқындайтын және Кеңестің бірінші отырысында қабылданатын осы Ережені басшылыққа алады.
  2. Кеңес ректорлардың келісімі бойынша ерікті түрде құрылады.
  3. Кеңестің құрамына лауазымы бойынша Шығыс аймағында орналасқан меншіктік нысанына қарамастан ЖОО-ның Басқарма Төрағалары-Ректорлар, Ректорлар, Президенттері кіреді.
  4. Кеңес өз отырыстарын қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізеді.

Кеңес шешімі қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады. Кеңес отырысы, егер оған Кеңес мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысса, заңды болып есептеледі. Ерекше жағдайларда (науқастану, іс-сапар) Кеңес мүшесінің орнына мәжілістерде дауыс беру құқығымен оның өкілетті өкілі (осы мәжіліске өкілеттігін жазбаша растаумен) қатыса алады.

  1. Кеңестің жұмысына төраға, ал ол болмаған жағдайда – Кеңеске қатысушы жоғары оқу орындарының ректорлары қатарынан сайланатын орынбасар басшылық етеді.

Кеңес төрағасы мен оның орынбасары Кеңестің отырысында ашық дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен 1 жыл мерзімге сайланады.

Кеңес төрағасы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде (өз еркімен, атқаратын лауазымынан босатылған кезде, ЖОО ректоры ретінде еңбек келісімшартының мерзімі өткен кезде) төрағаның функциялары төрағаны сайлау рәсімі өткізілгенге дейін Кеңес төрағасының орынбасарына жүктеледі.

Кеңес төрағасы мен оның орынбасары кеңес отырысында атқаратын лауазымынан Кеңес мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысқан жағдайда айқын басым көпшілік дауысымен босатылуы мүмкін.

  1. Кеңес төрағасы келесі өкілеттіктерге ие:

1) Кеңес жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады, Кеңес отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады;

2) Кеңестің мүдделері мен ұстанымын білдіреді;

3) Кеңес отырыстарында қаралған, олар бойынша оң шешім қабылданған құжаттарға Кеңес атынан қол қоюға құқығы бар;

4) Кеңестің кезекті отырыстарын өткізу күндерін белгілейді;

5) Кеңестің кезектен тыс отырыстарын шақыру туралы шешім қабылдайды.

  1. Кеңес қызметін ректоры Кеңес төрағасы болып табылатын ЖОО қамтамасыз етеді.
  2. Кеңес Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігіне және Республикалық Ректорлар Кеңесіне өзінің жұмысы туралы хабарлайды.
  3. Кеңестің отырыстары ЖОО-да келісім бойынша өткізіледі.

Әрбір отырыстан кейін хаттама ресімделеді.

Университет