Оспанова Динара Манаповна

Департамент директоры

Байланыс

+7(7011)83-16-88
071400 Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20 "А"
Кабинет: 403
dav@shakarim.kz

Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті


Негізгі қызмет түрлері:

• Университеттің білім беру қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері нормаларының сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету.

• Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін, мамандарды дайындау сапасын арттыру жұмыстарын ұйымдастыру.

• Университет миссиясына және стратегиялық жоспарға сәйкес бірыңғай академиялық саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу.

• Құрылымдық бөлімшелердің оқу қызметін жоспарлау және болжау.

 • ЖОО жүзеге асыратын модульдік білім беру бағдарламаларын, элективті пәндер каталогын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және бекіту бойынша жұмысты ұйымдастыру; білім берудің жаңа бағыттарын, білім беру бағдарламалары мен 

нысандарын енгізу жоспарларын дайындау мен іске асыруды қамтамасыз ету.

• Оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; педагогикалық ұжымға инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруге және дамытуға көмектесу.

• Оқу және ғылыми-әдістемелік құжаттаманы жаңарту.

• Оқу үрдісінің сапасын қамтамасыз ету, оқытудың әдістемесі мен әдістерін жетілдіру, оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу.

• Кәсіптік оқытуды, ғылыми-әдістемелік жұмысты дамыту бойынша сыртқы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

• Оқыту процесін және оны басқаруды ақпараттандыру және цифрландыру бойынша 

жұмыстарды ұйымдастыру.

• Жасалған және сатып алынған бағдарламалық өнімдерді оқу процесіне сараптауға және бейімдеуге қатысу.

 • Әдістемелік жұмыстың дәстүрлі бағыттарын нығайту және әдістемелік жұмыстың жаңа формаларын дамыту.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:

  • ББ жобалау және әдістемелік сүймелдеу бөлімі
  • Оқу үрдісін ұйымдастыру бөлімі
  • Мансап және практика бөлімі

 


Жаңалықтар
  • Кафедралардағы іс-тәжірибе бойынша жауапты тұлғаларға арналған семинар
    10.12.2021
    Кафедралардағы іс-тәжірибе бойынша жауапты тұлғаларға арналған семинар
  • «Болашақ жастардың қолында» атты кездесу
    09.12.2021
    «Болашақ жастардың қолында» атты кездесу
  • ШҚО ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ  ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
    08.12.2021
    ШҚО ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ