Маркетинг және коммуникация орталығы – университеттің имиджін қалыптастыруға, білім беру қызметтерін алға жылжытуға және ішкі-сыртқы коммуникацияны тиімді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлім. Орталықтың негізгі қызмет түрлері төмендегідей:
1. Имиджді қалыптастыру және дамыту:
-
Университеттің брендін қалыптастыру және нығайту бойынша стратегияларды әзірлеу.
-
Университеттің құндылықтарын, жетістіктерін және ерекшеліктерін қоғамға таныстыру.
-
Медиа және жарнама арқылы университеттің оң имиджін насихаттау.
2. Медиа және қоғаммен байланыс:
-
БАҚ-пен өзара әрекеттесу: пресс-релиздер дайындау, сұхбаттар ұйымдастыру және баспасөз конференцияларын өткізу.
-
Әлеуметтік желілердегі белсенділік: университет парақшаларын жүргізу, контент жасау және аудиториямен байланыс орнату.
-
Университеттің ресми сайтына ақпараттық қолдау көрсету.
3. Маркетинг және жарнама:
-
Білім беру бағдарламаларын ілгерілету бойынша маркетингтік стратегиялар жасау.
-
Студенттерді тартуға бағытталған жарнамалық науқандар ұйымдастыру.
-
Университеттің қызметін көрсететін презентациялық материалдар мен бейнероликтер дайындау.
4. Аналитика және зерттеулер:
-
Білім беру нарығын, бәсекелестерді және аудиторияны зерттеу.
-
Маркетингтік және коммуникациялық қызметтердің тиімділігін бағалау үшін аналитикалық есептер жүргізу.
5. Университет бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру:
-
Семей қаласы және Абай облысындағы мектеп түлектеріне университет пен оның білім беру бағдарламалары туралы ақпарат тарату;
-
Білім беру бағдарламалары туралы буклеттер, ақпараттық парақшалар, бейне роликтер мен слайдтар дайындау;
-
Мектеп түлектерінің таңдау пәндері және таңдаған білім беру бағдарламалары негізінде, әлеуметтік чаттар құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
-
Мектеп түлектері арасында инстаграм байқауын өткізу;
-
Мектеп және колледж түлектері үшін ғылыми жобалар мен шығармашылық конкурстар ұйымдастыру;
-
Жоғары/Зерттеу мектептерінің "Ашық есік" күндерін өткізуіне ұйытқы болу;
-
Кафедралардың жоғары сынып оқушыларына пәндік олимпиада өткізуіне ұйытқы болу;
-
"Серпін 2050" бағдарламасына қатысатын облыстардың мектеп түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;
-
Кәсіптік бағдар беру мақсатында баратын мобильді топтардың іссапарларын ұйымдастыру;
-
Магистратура және докторантураға түсудің тәртібі туралы түсінік беру жұмыстарын ұйымдастыру;
-
Мектеп директорлары және 11 сынып жетекшілерімен байланыс орнату.
6. Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру:
-
Қабылдау комиссиясының құрамын бекіту;
-
Қабылдау комиссиясын қажетті техникалық және ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.