14 ақпан 2023

Бітіруші түлектер арасында кадр резервіне енгізу үшін «Көшбасшылық қасиеттердің қалыптасуын бағалау және тұлғаның өмірлік құндылықтарын анықтауға» арналған сауалнама

2023 жылдың 14 ақпанда Шәкәрім университетінде психологиялық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Ш.С.Сатиева бітіруші түлектер арасында кадр резервіне енгізу үшін «Көшбасшылық қасиеттердің қалыптасуын бағалау және тұлғаның өмірлік құндылықтарын анықтауға» арналған сауалнама жүргізді.
Сауалнама мақсаты: адамның көшбасшы болу қабілетін бағалауға арналған. Бұл әдістемеде субъект екі блоктан тұратын сұрақтарға жауап береді. Осы сұрақтарға берген жауаптары негізінде көшбасшыға қажетті жеке психологиялық қасиеттердің бар-жоғы туралы қорытынды жасалады.