Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КЕАҚ Психологиялық қызмет көрсету орталығы психология кафедрасымен бірлесіп «Стресс-менеджмент. Менің оқудағы ресурстарым» инженерлік-технологиялық факультетінің 1 курс студенттеріне арналған психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Тренингтің мақсаты: Студенттердің күйзеліске төзімділігін дамыту, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту, психоэмоционалды стресстен арылту.
Тренингке келесі топтар қатысты: ТФ-301 (20 студент), ТЭ-301 (35 студент)