28 ақпан 2024

Командалық білім беру тренингі

2024 жылдың 28 ақпанында педагогика кафедрасының оқытушылары Ш.Ш.Әбішева, Г.А.Куребаева Шәкәрім университетінің психологиялық көмек орталығымен бірлесіп филология факультетінің білім алушыларына командалық білім беру тренингін өткізді. Тренинг студенттің өзі туралы топтың, факультеттің, университеттің қажетті мүшесі ретіндегі жеке түсінігін дамытуға бағытталған. Командалық білім беру тренингі динамикалық және қызықты өтті, студенттердің жанды жауабын тудырды, топта командалық рух пен өзара түсіністік атмосферасын құруға және біріктіруге ықпал етті.