2024 жылдың 13-наурыз күні Шәкәрім университетінде Психологиялық орталықпен бірлестікте «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Серикова Н.У. мен оқытушы Канидоллаева Т.А., «Менің мамандығым- менің болашағым!» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шара мақсаты: Студенттердің мамандыққа, кәсіп иесіне жағымды қатынасын арттыру.
Іс-шараға «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Гуманитарлық пәндер» «Музыкалық білім», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері белсене қатысты.
Шара соңында белсенді қатысқан студенттерге арнайы факультет деканының алғыс хаты табысталды.