25 шілде 2024

"Психосоматика" трасформациялық ойын

Психологиялық қызметтің мақсаты-қызметкерлердің, ПОҚ-ның психологиялық денсаулығын сақтау, білім беру ұйымдарында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал жасау және оқу-тәрбие процесіне қатысушыларды психологиялық сүйемелдеу. Осы мақсатта университеттің "Стратегиялық жоспарлау және талдау орталығы" бөлімінің қызметкерлеріне "Student support center" жетекшісі профессор Ш.Сатиева "Психосоматика"трансформациялық ойынын өткізді. Трансформациялық ойын барысында психикалық денсаулық мәселесіне назар аударылды. Егер қызметкерлердің қажеттіліктері қанағаттандырылса, олар ұйымға және оның мақсаттарына оң көзқарас қалыптастырады. Қолайлы жұмыс ортасы-бұл жай ұйымдастырушылық құрылым емес, бұл қызметкердің әріптестерімен, тікелей басшыларымен ортақ тәжірибесі-корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың негізі.