17 қазан 2024

"Трансформацияның символы: маскалар арқылы өзгеру" атты психологиялық тренинг

Shakarim University Психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі Ш.Сатиева "Трансформацияның символы: маскалар арқылы өзгеру" атты психологиялық тренингті Shakarim High School оқушыларына арнап өткізді.Тренингтің мақсаты — қатысушылардың ішкі жан дүниесін ашып, өздерін еркін сезіне алуға мүмкіндік беру. Маска қолдану арқылы олар өздерінің эмоцияларын тереңірек түсініп, психологиялық қолдау алып, өзін-өзі тану қабілетін арттырады. Тренингтің ерекше әдістері қатысушылардың сенімділігін күшейтіп, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған.