17 қазан 2024

Бақыт маржаны: қалай сау және бақытты болуға болады?

Бұл тақырып аясында топ кураторларына ақпараттық парақшалар таратылды. Парақшаларда келесі маңызды мәліметтер қамтылды: Сау және бақытты болудың маңызы. Денсаулық – адамның өмір сапасының негізгі көрсеткіші. Бақыт пен психологиялық тепе-теңдікті сақтау дене және психикалық саулықты қолдауға әсер етеді. Репродуктивті денсаулық – жалпы денсаулықтың ажырамас бөлігі және бақытты өмір сүрудің маңызды негізі.

Мақсат: білім алушыларға денсаулық, соның ішінде репродуктивті денсаулықты сақтау және бақытты өмір сүрудің негізгі қағидаларын түсіндіру. Парақшалар кураторлар арқылы топтарға жеткізілді. Әлеуметтік желілерде электрондық нұсқасы орналастырылды.Студенттермен жеке кеңес беру барысында қолданылды. Бұл шаралар студенттердің денсаулығы мен психологиялық саулығын жақсартуға, репродуктивті денсаулықты қорғауға және бақытты өмірге бағытталған дағдыларды қалыптастыруға көмектесуге бағытталды.