Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 шілде 2023түлектер, грант, қолдау

ӘКІМ ГРАНТЫ

Талапкерлер назарына!
Абай облысының түлектеріне тағы бір қосымша мүмкіндік!
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен (әкім гранты) 2023-2024 оқу жылына арналған жоғары білім беру гранттары бойынша білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі жарияланды.
Биылғы оқу жылында әкім гранты негізінде Абай облысымыздың жоғары оқу орындарына 200 мемлекеттік білім беру гранты (облыс әкімінің гранттары) бөлінді!
Білім беру бағдарламалары топтарының тізімін ұсынамыз! Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Мемлекеттік грант конкурсының нәтижелері бойынша (2023 жылдың 10 тамыздан кейін) грантқа түспеген талапкерлер әкім грантына өтініш жаза алады.