Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі02 ақпан 2023біле жүріңіз, айдарлар, медиа

АҚПАН – ҚАЗАҚТЫҢ «АҚ ЫҚПАСЫ»

«Қытымыр қыс келді, қамданайық» деп көпшілікті қапы қалмауға үндеп, ақпарат таратқанымыз күні кеше секілді еді. Әне-міне дегенше қыстың соңғы айына да қадам басқалы отырмыз. Ақпан – қыстың ғана емес, жылдың соңғы айы десек болады. Наурызды жыл басы деп, жаңа күннің бастауы ретінде күтетін халқымыздың танымына сүйенсек, сөзімізді дәлелдеудің қажеті болмас.
Бұл айда – қыстың ең ауыр әрі қаһарлы кезі қорытындыланады. Қатты суық, аяз, үскірік, дүлей борандар, «Боз тоқтыда құйрық қалды, бойжеткенде бұғақ қалды, қырлан, ақпан, қырлан» деген тәмсіл қалған.
Халық танымында «қоян жылында қыс қатты болады» деген түсінік те жиі ұшырасады. Есесіне, жазы жайлы, мамыражай, шөбі шүйгін болады деп күтіледі. Әлі де көктем шығып, күн жылып кетуіне ерте. Жердің сызы, қыстың ызғары әзір басыла қоймайды. Сәуір болмай тәуір болмас. Сондықтан да шәкәрімдіктерге қауіпсіздік сақтап, жылы киініп, денсаулыққа аса мән беру қажеттігін ескертеміз. Қыстан қысылмай шығайық!