Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі17 желтоқсан 2024ғылым

АЙМАҚТЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ҮШІН ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМНІҢ СИНЕРГЕТИКАСЫ

Shakarim University Абай облысы басқармаларының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен «Өңірдің орнықты дамуы үшін ғылым мен білім беру синергиясы» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты-өңірдің өзекті мәселелерін талқылау, ғылыми және білім беру әлеуеті негізінде бірлескен шешімдерді іздеу.

 

Басқарма мүшесі - ғылым жөніндегі проректор Ж. Қалибекқызы университет ғалымдарының ағымдағы жобалары мен ғылыми қызметінің негізгі бағыттарын ұсынды. Өз кезегінде, Басқарма мүшесі - интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректор Е. Дулатбай аймақты дамытудағы маңызды қадам ретінде Абай облысының Агротехнологиялық инновациялық хабының тұжырымдамасын таныстырды.

 

Абай облыстық басқармаларының басшылары түрлі салалардағы түйткілді мәселелерді белгілеп, бірлескен қызметке бағыттар ұсынды. Талқылауға колледж директорлары мен декандар, университеттің ғылыми орталықтарының басшылары қатысты, олар табысты тәжірибелерімен бөлісіп, өңірлік мәселелерді шешу үшін ғылыми негізделген тәсілдерді ұсынды.