Бүгін Шәкәрім университетінде кезекті Ардагерлер кеңесінің жиыны өтті. Жиында кеңес төрағасы Ерғали Есенжолов осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды баяндады.
Бүгінгі таңда Ардагерлер кеңесінің құрамында 200-ге жуық ардагер бар. Төраға Ерғали Есенжолов ардагерлердің атқарып жатқан еңбектерінің ұшан-теңіз екенін жеткізді.
– Аға буын өкілдері зейнетке шықтым, тынығамын деп тыныштық іздеп жантайып жатудан аулақ. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне етене араласып келеді. Бұл ұйым жастар тәрбиесіне де баса назар аударады,- деді Ерғали Қабдоллаұлы.
Басқосуда университеттің Бастауыш кәсіподақ ұйымы ұзақ уақыт білім ордасында қызмет атқарған, ұлағатты ұстаз Айтбек Какимовты мерейтойымен құттықтап, сый-сыяпат жасады.
Жиын соңында ардагерлер кеңесінің төрағасы белгіленді. Инженерлік-технологиялық факультетінің профессоры Құмарбек Әмірханов Ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайланды.