Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі05 сәуір 2024встреча, студенты, ректор, беседа

АШЫҚ АЛАҢ: "РЕКТОРҒА СҰРАҒЫҢДЫ ҚОЙ!"

Ашық алаң: Shakarim University ректоры Ветеринария және агроменеджмент факультетінің студенттерімен кездесті
Бүгін “Ректорға сұрағыңды қой!” науқаны аясында университет ректоры Думан Орынбеков Ветеринария және агроменеджмент факультетінің студенттерімен кездесіп, жастарды мазалап жүрген мәселелерді білу үшін еркін әңгімеге тартты. Аталған факультет – 70 жылдан астам уақыт бойы ветеринария және агрономия саласында жоғары білікті мамандар дайындайтын, өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан оқу ордасы. Кездесуде студенттер өз ойларын ортаға салып, оқу үдерісі мен жалпы факультеттің дамуына қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.
Басқосуда білім алушылар оқу процесінің әртүрлі аспектілеріне, факультеттің инфрақұрылымына және кәсіби өсу мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарды белсенді түрде қойды.
Мәселен, факультет студенттерін оқу бағдарламаларының өзектілігі, тәжірибе, агрономия және ветеринария саласындағы кәсіпорындармен ынтымақтастық, жатақхана, инфрақұрылым сияқты тақырыптар толғандырды. Ректор әр сұрақты мұқият тыңдап, студенттердің пікірлері мен идеялары шешім қабылдау процесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ, факультет пен жалпы университеттің даму стратегиясын әзірлеу кезінде барлық ұсыныстарды ескеруге уәде берді.
Ашық диалог білім сапасын жақсартуға және қолайлы оқу ортасын құруға қалай ықпал ететінінің жарқын мысалы бола алды. Әрбір студенттің өз білімі мен оқу орнының дамуына әсер ету мүмкіндігі болуы үшін мұндай іс-шаралардың жүйелі түрде өткізілуі маңызды. Алдағы уақытта кездесулер барлық факультеттерде жалғасын табатын болады.
Шәкәрім университетінің дамуына үлес қосу және тыңдау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Біз бірге болашағымызды жарқын ете аламыз!