Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі31 қаңтар 2023спортшылар, жеңіске жетті

АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЕЛ НАМЫСЫН ШӘКӘРІМДІК БОКСШЫ ҚОРҒАДЫ

Таиланд астанасы Бангкок қаласында 19-22 жас аралығында өткен Азия чемпионаты өтті. Халықаралық жарыста Шәкәрім университетінің студенті Ерасыл Жакпеков қола медальға ие болды.
Аталған чемпионатта Азия құрлығынан жалпы саны 20 мемлекеттен 149 былғары қолғап шеберлері қатысты.
Ерасыл Жакпеков – Азия елінің абсолютті чемпионы. "Кубок странджа" халықаралық турнирінде жоғары деңгейде өнер көрсеткен спортшы. Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы.