Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 наурыз 2023спорт, жеңіс, абай облысы, чемпионат

БАЛУАНДАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Шымкент қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде шәкәрімдік балуандардың қанжығасы майланып, жалпы есепте Абай облысы командасы 3 орынға жайғасты.
Жарыс қорытындысы бойынша, Шәкәрім университетінің білім алушылары Нүрсеитов Марат пен Өмірбекова Бақыт күміс жүлдеге ие болса, Әділханова Ботагөз қола жүлдемен көш бастады.
Жеңімпаздардың бапкері, тәжірибелі жаттықтырушы "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының аға оқытушысы –Жұманбаев Айбек Жамбылұлы.
Айта кетейік, байрақты бәсекеде өңір намысын қорғап жүрген жас спортшыларымыз жыл сайын облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, бірнеше мәрте жеңімпаз атанып жүр!
Спортшыларымызды жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып алдағы сайыстарына сәттілік тілейміз! ЖАСАСЫН, ШӘКӘРІМ ЖАСТАРЫ!