УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

05 февраль 2022студенты, спорт

  Алматы облысында шаңғы жарысынан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Кіл мықтылар жиналған сайыста Шәкәрім шаңырағының білім алушылары жақсы нәтиже көрсетті. Чемпионат қорытындысы бойынша ерлер арасында Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 1 курс студенті Темірлан Төлегенов қола жүлдеге ие болды. Қыздар арасында 1, 10 , 15 км қашықтықта 2 курс...

Подробнее

ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

12 февраль 2022спорт, студенттер

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы. Осы орайда Шәкәрім жоғары колледжінің...

Подробнее

ДӘСТҮРЛІ СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

01 март 2022спорт, спартакиада, ппс

Шәкәрім университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі өтетін спартакиада бүгін мәреге жетті. Университет ұжымының денсаулығын нығайту, спорттық шеберлігін шыңдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен спартакиада ойындары 1 ақпаннан 1 наурызға дейін жалғасын тапты. Спорттың ер және әйел адамдар арасында волейбол, футбол, баскетбол, бадминтон, тоғызқұмалақ, ату, дартс, шахмат...

Подробнее

Университетіміздің студенті Роза Нысантайқызы дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионы атанды

03 март 2022спорт, құттықтаймыз, спортшыларымыз

Ақтауда дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Батыс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отырған ел біріншілігіне 14 облыс , Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 450-ден астам татами шеберлері қатысты. Байрақты бәсекеде Шәкәрім университетінің студенті Роза Нысантайқызы алтын медальды қанжығасына байлады. Биік белестерді бағындырып жүрген жас спортшымыз алдағы уақытта халықаралық жарыстарда ел намысын...

Подробнее

САЛАУАТТЫЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

05 апрель 2022студенты, спорт, спартакиада

Бүгін Шәкәрім шаңырағында студенттердің дәстүрлі спартакиадасының жабылу салтанаты өтті. Ондағы мақсат университет студенттерінің денсаулығын нығайту, спорттық шеберлігін шыңдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жігер мен жеңіске толы шарада студенттеріміз - футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ сынды спорт түрлерінен 6 команда (ГЭФ, ИТФ, ЖМФ, ФФ, ВАФ және Колледж) сынға...

Подробнее

СЕРІК ҚОРЖЫКЕНОВ АТЫНДАҒЫ АРНАЙЫ КАБИНЕТТІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

23 июнь 2022спорт, атаулы кабинет

Байрақты бәсекелерде еліміздің туын желбіретіп, әнұранымызды шырқатып жүрген әйгілі спортшыларымыз кейінгі толқын жастарға үлгі болып жүрген тұлғалар. Олардың жеңістері әрине бапкерлерінің арқасы. Бүгін Шәкәрім шаңырағы тағы бір атаулы дәрісханамен толықты. Дәстүрге айналған шара спорт әлеміне аяқ басып, спортты мәңгі «мекеніне» айналдырып, саналы ғұмырын спортқа арнаған Серік Қоржыкеновке арналды. Серік Қоржыкенов...

Подробнее

ЕЩЕ ОДНА МЕДАЛЬ В КОПИЛКУ

21 июль 2022шакарим, спорт, shakarim university

Чемпионат Казахстана по боксу среди девушек 2004-2005 годов рождения прошел в Актау. С 12 по 17 июля на ринге спортивного комплекса “Халык Арена” свои навыки продемонстрировали 183 спортсменки. Это, по словам специалистов, высокий уровень для женского чемпионата. Поединки на боксерском ринге проходили в 13-ти весовых категориях среди молодежи и в...

Подробнее

РОЗА НЫСАНТАЙҚЫЗЫ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ

21 июль 2022шакарим, спорт, shakarim university

Шәкәрім университетінің студенті Роза Нысантайқызы Тайланд елінің Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында дзюдодан III орынға ие болып, қола жүлдені жеңіп алды. Asian Judo Championships турниріне 16 мемлекеттен 200-ге жуық спортшы қатысты. Спортта тағы бір белесті бағындырған Роза 18-21 шілде күндері 70 келі салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Розамен #ShakarimMedia телефон...

Подробнее

САБАНТОЙДА ӨТКЕН СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

10 сентябрь 2022студент, спорт, құттықтаймыз

Бүгін Абай облысының І Халықаралық Сабантой мерекесі аясында ұйымдастырылған "Белбеу" күресіне Шәкәрім университетінің студенттері қатысты. Республикалық турнирде бақ сынаған "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының 1 курс студенті Мэлсов Нұржан боз кілем төрінде тартысты белдесумен көпшілік қауымды тәнті етіп, күміс жүлдені еншілеп қайтты. Жас спортшымызды жеңісімен құттықтай отырып aлдағы жарыстарда толағай...

Подробнее

SHAKARIM UNIVERSITY СПОРТТЫҚ АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

15 октябрь 2022спорт, акция, шәкәрімдіктер

Шәкәрім шаңырағында қызметкерлер мен студенттер арасында спорттық жарыстар ұйымдастыру – дәстүрге айналған шара. Осыған орай Республика күні қарсаңында жеңіл атлетикадан "Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол!" акциясы ұйымдастырылды. Акцияға "Алаш Орда" спорт клубы демеушілік етіп, "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының оқытушылар құрамына спорттық формаларды табыстады. 450-ден астам білім алушы қатысқан...

Подробнее

АЙМАҚТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

09 декабрь 2022турнир, спорт, білім алушылар

ҚР «Студенттік спорттық лигасы» Шығыс дивизионында футзал спорт ойынынан ұлдар арасында өткен іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. 5-9 желтоқсан аралығындағы іріктеу кезеңінің қорытындысы төмендегідей: Әлихан Бөкейхан университеті – 1 орын; Shakarim University – 2 орын; Павлодар педагогикалық университеті – 3 орын. Айта кетейік, лигада Семей медициналық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс...

Подробнее

ФУТБОЛ – СПАРТАКИАДАНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ

16 январь 2023спорт, спартакиада, футбол

Қазақстандағы футбол – ең танымал спорт түрлерінің бірі. Профессор-оқытушылар құрамы арасындағы спартакиаданың бірінші күні Жаратылыстану-математика және Инженерлік-технологиялық факультеттер арасындағы қызықты ойынмен есте қалды. Жаратылыстану-математика факультетінің командасы осы футбол матчында сенімді жеңіске жетті. «Бүгін біз жақсы дайындық пен жақсы көңіл-күймен келдік. Әр команда жеңіс үшін осында келді, Мен өз командама сәттілік...

Подробнее

БАЛУАНДАРЫМЫЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

01 март 2023спорт, жеңіс, абай облысы, чемпионат

Шымкент қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде шәкәрімдік балуандардың қанжығасы майланып, жалпы есепте Абай облысы командасы 3 орынға жайғасты. Жарыс қорытындысы бойынша, Шәкәрім университетінің білім алушылары Нүрсеитов Марат пен Өмірбекова Бақыт күміс жүлдеге ие болса, Әділханова Ботагөз қола жүлдемен көш бастады. Жеңімпаздардың бапкері, тәжірибелі жаттықтырушы...

Подробнее

SHAKARIM UNIVERSITY СПАРТАКИАДАСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

02 март 2023спорт, спартакиада, профессор-оқытушылар құрамы

Шәкәрім университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі өтетін спартакиада өз мәресіне жетті. Университет ұжымының денсаулығын нығайту, спорттық шеберлігін шыңдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткен спартакиада ойындары бір жарым айға дейін жалғасын тапты. Спорттың ер және әйел адамдар арасында волейбол, футбол, баскетбол, бадминтон, тоғызқұмалақ, мылтық ату, шахмат және...

Подробнее

ШЫМЫРЛЫҚ ПЕН ШЕБЕРЛІК КҮНІ ӨТТІ

19 март 2023спорт, наурыздың 10 күндігі, шымырлық пен шеберлік

Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне ұйымдастырылады. Осы орайда Жаратылыстану-математика факультетінің ұйымдастыруымен «Шымырлық пен шеберлік күні» аталып өтті. -Асық ойнау әсіресе балалар арасында жиі өтеді. Асық ойнау көзге тым қарапайым көрінгенімен...

Подробнее

ШӘКӘРІМДІК БАСКЕТБОЛ КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

18 апрель 2023студенты, спорт, поздравляем

Сүйінші! Шәкәрімдік баскетбол командасы ЖОО мен колледж арасындағы турнирде 1 орынды иеленді.Турнирге 10 команда қатысты. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы турнирлерде сәттілік тілейміз. Жасасын, Шәкәрім шаңырағы!

Подробнее

ЖАҢА АЛАҢДА ЖАҢА МАУСЫМ БАСТАЛДЫ

04 май 2023турнир, спорт, профессор-оқытушылар құрамы, футбол

Шәкәрім университетінде ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы аясында шағын футболдан достық турнирі өтті. Басты мақсат - профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту, бұқаралық спортты дамыту. Шараға барлық факультеттер мен құрылымдық бөлімдер қатысты. 7 үздік команда өзара сайысқа түсті. Турнирдің қорытындысы келесідей: 1 орын – Ректорат командасы;...

Подробнее

МАҒЖАН ЖҰМАШЕВ – ЧЕМПИОН

08 май 2023спорт, жеңімпаз, самбо

Алматыда Жеңіс күні мен әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровты еске алуға арналған самбо және жауынгерлік самбодан халықаралық турнир өтті. Турнирде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінен келген 300 татами шеберлері өнер көрсетті. Нәтижесінде Шәкәрім университетінің студенті Мағжан Жұмашев 1 орынды иеленіп, спорт шебері нормативін орындап шықты. Мағжанның жаттықтырушысы, аға оқытушы Айбек Жұманбаевты...

Подробнее

РОЗА НЫСАНТАЙҚЫЗЫ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

26 май 2023спорт, құттықтаймыз, студенттеріміз мақтанышымыз, азия чемпионы

Шәкәрім университетінің студенті Роза Нысантайқызы Өзбекстан елінің Джиззак қаласында өткен Азия чемпионатында қазақ күресінен I орынға ие болып, алтын жүлдені қанжығасына байлады. Чемпионатқа 11 мемлекеттен 200-ге жуық татами шеберлері қатысты. Спортта тағы бір белесті бағындырған Роза маусым айында Ақтау қаласында өтетін жазғы универсиада да бағын сынайтын болады. Розамыздың асығы алшысынан...

Подробнее