– Шәкәрім шаңырағының атынан ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп кешенінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі мереке – мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс істейтін, мемлекеттің және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген қызметкерлердің және түлектеріміз бен болашақ мамандарымыздың мерекесі!
Біз өз кезегімізде, 3 сатылы білім беру саласының өкілдері ретінде кәсіптік даярлауға және қазіргі заманауи зерттеу әдістерімен барлық ауылшаруашылығының салалары үшін бәсекеге қабілетті мамандарды арттыруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.
Шәкәрім университеті дуальді білім беру бағдарламасы негізінде «Kondiz» ЖШС, «Восток-Молоко» ЖШС, «Qazaq Aqbas» АҚ, «Шалабай» ЖШС, «Qazaq Astyq Group», «Қалиқанұлы» ШҚ, "Мұздыбай" ШҚ, «Айша» сүт цехы және т.б. таңдаулылармен серіктестік байланысын арттырды. Аталмыш кәсіпорын, шаруашылықтар ғылыми-әдістемелік әрі тәжірибелік алаң ретінде студенттеріміздің кәсіби шыңдалуына зор үлес қосып келеді.
Сіздерді еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы игі істеріңізге толағай табыстар тілеймін!
Мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, әр бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
Басқарма Төрағасы – Ректор
Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ