Жоғары білім мен ғылыми саласын, ғылыми-зерттеу институттарының әлеуетін арттыру мақсатында Шәкәрім шаңырағына М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бір топ ғалымдарын бастап ф.ғ.д., профессор Кенжехан Матыжанов жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында Кенжехан Матыжанов пен Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков «Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау» туралы өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.
Бұл білім беру саласында зерттеу нәтижелерін қолдануды күшейтеді, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға ықпал етеді, сонымен қатар мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен бұрынннан бар байланыс нығайып, болашақта бірлескен ғылыми жобалар жазып, магистранттар мен докторанттардың ғылыми тәжірибеленуі осы Меморандум аясында қарастырылатын болады,- дейді өз сөзінде университет басшысы Бауыржан Аманкелдіұлы.
Бұдан бөлек бірлесе маман дайындау үшін ғылыми-зерттеу институтының зертханалары магистранттар мен докторанттарға, ал оқу орынның зертханалары институт қызметкерлеріне қолжетімді болады.
Сондай-ақ ғылым ордасының ғалымдары университет кітапханасына соңғы үш жылда жарық көрген ғылыми кітаптарды сыйға тартты.
Қабылданған шаралар ғылыми зерттеу сапасы мен ғылыми кадрларды дайындаудың тиімділігін арттырып, ғылымға талантты жастарды тартуға оң ықпал етеді.
Анықтама: М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрылған уақытынан бері қазақ әдебиеті мен фольклорын және өнерін зерттейтін бас ғылыми мекемеге айналды. Институт ғалымдары ұлттық әдебиет пен өнердің тарихы мен теориясын, аса көрнекті әдебиет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты.