ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, биылдан бастап ғылыми атақ болған кезде келесі мөлшерде үстемеақы белгілеу көзделіп отыр:
- Ғылым кандидаты, философия докторы және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 25 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК);
- Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессор үшін 42 еселенген АЕК (бұрын 34 АЕК);
- Ғылым кандидаты, философия докторы, бейіні бойынша доктор, ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессор үшін 50 еселенген АЕК (бұрын 17 АЕК).
Атап кетейік, үстемақылар тиісті диплом немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлік болған жағдайда негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады.