Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 сәуір 2023наука, зертхана, ученые

ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ: ЭНЕРГЕТИКА ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНАСЫ

Бүгін Шәкәрім шаңырағында Ғылым апталығы аясында «Энергетика виртуалды» зертханасының ашылу рәсімі өтті. Ғылым апталығы ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.
Университетте дуалды оқытуды енгізу бойынша ERASMUS+ KAZDual халықаралық жобасы іске асырылуда. Аталған жоба шеңберінде «Энергетика виртуалды» зертханасын ашуға мүмкіндік туды. Бұл жоба аясында жалпы құны 13 млн. теңге тұратын компьютерлер, 3Д принтерлер, 3Д көзілдіріктер және т.б. техникалық жабдықтардан тұратын заманауи зертхана іске қосылды.
-ERASMUS+ KAZDual жобада оқытушыларымыз шетелдік мамандармен тәжірибе алмасты және оқытудың жаңа формалары мен әдістерін енгізу мүмкіндігіне ие болды. Бұл біздің түлектеріміздің қажетті кәсіби құзыреттіліктерді алуға, бәсекеге қабілетті өндіріске дайын мамандарды даярлауға үлкен қадам,- деді Техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі Ольга Степанова.
Аталған зертханада барлық инженерлік мамандықтардың білім алушылары зертханалық сабақтарда қазандық агрегаттармен, бақылаушы өлшегіштермен және басқа да өндірістік құрылғылармен виртуалды режимде жұмыс жасай алады. Жаңа виртуалды зертхана білім алушыларға жаңаша тәжірибе алмасуға мүмкіндіктер береді.