Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 сәуір 2023колледж, олимпиада

ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ: ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА

 
Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жылдығына орай Ғылым апталығы аясында Шәкәрім жоғары колледжінің ұйымдастыруымен алғашқы облыстық олимпиада өтті. Олимпидада жалпы білім беретін «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Математика», «Тарих» пәндерінен 9-11 сынып мектеп оқушыларына өткізді.
Олимпиаданың мақсаты – ынтасы жоғары оқушылардың шығармашылық және танымдық әлеуетін анықтау, кәсіби белсенділігін көтеру, олардың интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін бағыт-бағдар беру. Әр пән бойынша үздік оқушыларды анықтап, олардың болашақта білімдерін жетілдіруіне ықпал ету.
Барлығы 40-тан астам ауыл, аудан, қала 400-ге жуық оқушылар өзара мықтыны анықтады. Оның ішінде «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты»; Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектеп; Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімі; «INNOVERSE SEMEY» ЖШС; «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі»; Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «Сосновка» орта мектептерінің үміткерлері, Семей қаласының жалпы орта білім беретін мектептерден, интернат пен гимназиялардан келді.
Жалпы білім беретін пәндері бойынша облыстық олимпиаданың ашылу рәсімін Шәкәрім жоғары колледжінің директоры Т.Т.Абдикаримованың алғашқы құттықтау сөзімен басталды.
Олимпиадаға қатысушы оқушыларымыз бекітілген ережеге сай 2 деңгейде: 1-деңгей тестілік тапсырмалар және 2-деңгей логикалық тапсырмалар мен шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындады.
Олимпиада қорытындысын кесте түрінде беріледі. Барлық жеңімпаздарды лайықты орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!