Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 тамыз 2023ғылым, сапар, делегация, министр

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Шәкәрім университетіне жұмыс сапарымен келді. Министр ағартушы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Сапар барысында ведомство басшысы білім ордасының материалдық-техникалық базасымен, ғылыми жетістіктерімен, тың жобаларымен танысты.
Министр оқу орнының қызметкерлері мен түлектерінің өңір мен ел дамуына қосып жатқан зор үлесін атап өтіп, білім ордасының алдағы жоспары ауқымды екендігін тілге тиек етті.
«Шәкәрім университеті бүгінде ғылым кеңістігінде өзіндік орнын нақтылады. Білім ордасы жоғары кәсіби білім беру саласындағы уақыт ағымына сай алға қойған міндеттерін табысты шешіп, білім және ғылым саласында көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінуде», - деді Саясат Нұрбек.