Бүгін Шәкәрім университетінің «Күміс университеті» тыңдаушыларының «Қаржылық сауаттылық» және «Психологиялық өзара қарым – қарым қатынас» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларына сертификаттар табыс етілді.
Курсқа қатысушылар аталған тақырыптар негізінде пайдалы мағлұматтар алып, қаржыны тиімді басқаруға және психологияның қарым-қатынас жасаудағы рөлі турасында тоқталып өтті.
Айта кету керек, бүгінгі таңда Шәкәрім университеті мен Абай облысы Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы Меморандум негізінде тыңдаушыларға қазақ, түрік, ағылшын тілдері, цифрлық сауаттылық, қаржылық сауаттылық және психологиялық саулық бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда.