Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 қараша 2021гэф, медиаайдар

МЕДИА АЙДАР: ФАКУЛЬТЕТ ТЫНЫСЫ: ГЭФ

# «Өнер және музыка» кафедрасы

«Семей өңірі мәдениеті және заманауи өнерді зерттеу кабинеті» ғылыми семинары

10.11.2021 жылы  Гуманитарлық-экономика факультеті «Өнер және музыка» кафедрасының ұйымдастыруымен «Семей өңірі мәдениеті және заманауи өнерді зерттеу кабинеті»  атты ғылыми семинар өтті.

Кафедрада өткізіліп отырған алғашқы ғылыми семинар болғандықтан, ең алдымен кабинеттің ашылу рәсімі болды. Рәсімде алдағы ғылыми семинарларға арналған жопарлар мен мақсат-міндеттер айтылды.  Ғылыми кабинеттің жауапты  жетекшісі Татиев Е.Е.  өзінің алғы сөзінде «Бұл ғылыми ортада Семей өңірі мәдениетіне ғылыми-танымдық  зерттеу жасау қолға алынады. Сонымен бірге кабинет осы аймақтағы кәсіби және әуесқой сазгерлер, суретшілердің шығармашылығына зерттеу жасаумен айналысады. Ал, қолдан  келіп жатса аймақтағы кәсіби және әуесқой сазгерлер, суретшілердің шығармашылығын ғылыми айналымға айналдыру деген ой бар» ,- деді Еркебұлан Ертісұлы. Сонымен бірге ғылыми кабинетте болашақта студентер, магистранттар, кафедраның ПОҚ арасындағы семинарлар, конференциялар, кафедраның ПОҚ оқыту-әдістемесіне қатысты әзірлемелер мен брошюралар дайындау, сондай-ақ саз-көркемдік жобалар,  фестивальдар, көрмелер және т.б. өткізілетіндігін айтып өтті.

Ғылыми семинардың екінші бөлімі арнайы әзірленген ғылыми баяндамаларға ұласты. Күн тәртібіне қойылған алғашқы баяндаманың тақырыбы «Семей өңірі бойынша танымал болған кәсіби және әуесқой сазгерлер шығармашылығын зерттеу және насихаттау» деп аталды. Тақырыпты педагогика ғылымдарының кандидаты Бодауова Б.Қ. баяндама ретінде таныстырды. Ал екінші баяндаманы ДЗ-001 тобының студенттері Мұрат Ж., Тынышбаева Г. отырған көпшілікке айтып берді. Баяндама тақырыбы: «Шыңғыстау. Текебұлақ қола ескерткіштерінде 2002 жылы алынған андроновтық қыш ыдыстардың ою-өрнектері».

Ғылыми семинардың кіріспе сөзінде айтып кеткендей тыңдалған баяндамалардың сапасын артыру үшін арнайы кеңес құрылған болатын. Кеңес құрамы: 3 адамнан Бодауова Б.Қ. ( кеңес төрайымы), Тұрғанбаева Б. Ш. (кеңес мүшесі), Мырзаканов М. С. (кеңес мүшесі) және арнайы тақырыпқа шақырылған ғалымдар тарих ғылымдарының кандидаты Исин А.И, профессор Өтепбаев Н.Н. болды. Өз кезегінде кеңес мүшелері баяндамшыларға сұрақтар қойып, тақырыптардың ғылыми жағын арттыруға ұсыныстар мен пікірлер айтты.