Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі.
Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілді. Биыл осы рәміздерге 32 жыл толды.
Ұлттық патриотизм, отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге деген ыстық ықылас ол әрбір адамның рухында қалыптасқан асыл ұғым. Ал, тәуелсіздік төсбелгісіне айналған рәміздерді құрметтеу - еліміздің әрбір азаматтың қасиетті борышы.