Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі21 қазан 2022зертхана, ашылу салтанаты

МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

Шәкәрім шаңырағында дәстүрге айналған тамаша бір үрдіс бар. Ол белгілі тұлғалардың есімімен оқу кабинеттерін ашу. Осы уақытқа дейін әйгілі тұлғалардың есімдерін ұлықтау мақсатында қара шаңырақта 30-ға жуық кабинеттер мен ғылыми кітапханалар ашылды. Тағылымды шара Ветеринария және агроменеджмент факультетінің 70 жылдығымен тұспа-тұс келді.
Бүгін Шәкәрім университетінің «Агротехнопарк» ғылыми орталығында ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Виктор Федосеев атындағы биологиялық және тағамдық қауіпсіздік ғылыми зертхананың ашылу салтанаты өтті. Рәсімге университет басшылығы, замандастары, институт түлектері, ғалым-академиктер қатысты.
Профессор Виктор Федосеев сүтқоректілер, құстар туберкулезі проблемаларын зерттеуде зор еңбек сіңірді. Ол кісінің тұсында институт жануарлар туберкулезінен ғылыми жұмыстардың одақтағы үйлестіруші орталығы болды.
«Агротехнопарк» ғылыми орталығының айтуынша, зертханада құрамында лакто және бифидобактериялар, биологиялық белсенді қоспалар бар препараттарды алуға байланысты жұмыстардың толық циклін жүргізуге болады. Ғалымдар микроорганизмдерді өсіре алады, лиофильді препаратты алады, оны әртүрлі мақсаттарда қолдануға толық мүмкіндік бар екендігін тілге тиек етті.
«Біз қазір оттегі жетіспейтін жағдайда микробиологиялық зерттеулер жүргізе аламыз. Бұрын бізде оттегінің толық немесе шектеулі қол жетімділігі туралы зерттеулер болған. Бірақ қазір біз зерттеу желісін айтарлықтай кеңейте аламыз»,- деді ғылыми орталық.
Кабинеттің лентасын қию рәсімін саясаттану ғылымдарының докторы, ҚР Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі Ш.Әмірбеков пен ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Л.Құтұмбетов жүргізді. Бұл зертханада аталған факультеттің ветеринария мамандығы студенттерінің лабораториялық және практикалық сабақтары өтетін болады. Бұл студенттердің біліктілік сапасын арттыруға оң ықпал етеді. Бұдан бөлек, магистратура мен докторантурада оқитын білім алушылар 10 бірлескен ғылыми жобаларын жүзеге асыруда. Атаулы зертханада Виктор Семеновичтің өмірі мен шығармашылығы жайлы деректер, фотошежірелер қойылған.