Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 ақпан 2023студенттер, жеңімпаздар, өнерлі жастар байқауы

ӨНЕРЛІ ШӘКӘРІМДІКТЕР ТОҒЫСҚАН «THE VIBE» БАЙҚАУЫ

Шәкәрім университетінде "THE VIBE" би байқауы өз мәресіне жетті. Командалар жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Хип-хоп биінің атмосферасы, сальса, шығыс мотивтері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
-Мұндай байқау, әрине, біздің студенттерге тамаша тәжірибе әкелді, олардың өз ойын жеткізуге және би өнерін көрсетуге мүмкіндік берілді. Байқау 2 кезеңнен тұрды. Қатысушылардың эмоцияларын сөзбен жеткізу мүмкін емес,- дейді ұйымдастырушылар.
"THE VIBE" би байқауының тағы бір ерекшелігі - қазылар алқасында. Олар би мектептерінің негізін қалаушылар мен модельдік агенттіктердің басшылары, сондай-ақ қара шаңырақтың кешегі түлектері. Қазылар алқасы би саласы мен әннің ырғағына ғана емес, үздік образды да бағалады. Бұл номинацияға Шәкәрім жоғары колледждінің өнерлі жастары ие болды.
Аталған байқауда 7 команда өнер көрсетіп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған» командалар тізбегі келесідей:
1 орын — Жаратылыстану-математика факультетінің командасы;
2 орын — Гуманитарлық-экономика факультетінің командасы;
3 орын — Инженерлік-технологиялық факультетінің командасы жеңіске жетті. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кететіндігі, мұндай жарыстар бірнеше жылдан бері университет қабырғасында өткізілмеген. "The Vibe" би байқауы облыстық дәрежеде ұйымдастырылатына кәміл сенімдіміз. Себебі, талантты да, талапты шәкәрімдік жастар тоғысқан байқау өз нәтижесін көрсетті. Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!