Семей қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ерлер мен әйелдер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан «Қабанбай батыр мемориалы» дәстүрлі республикалық турнирі өтті.
Ауқымды додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен кіл мықты спортшылар қатысты. Нәтижесінде Шәкәрім университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері жүлделі орындарға ие болды.
Ерлер арасында:
• 1 орын Имаханов Есентай;
• 2 орын Төкешов Әділ;
• 2 орын Қайроллин Нұрым;
• 3 орын Жұмашев Мағжан.
Әйелдер арасында:
• 2 орын Нысантайқызы Роза;
• 3 орын Айдынқалы Жандауа;
• 3 орын Жасұланқызы Жанерке.
Спортшыларымыздың жаттықтырушысы Дене шынықтыру және спорт кафедрасының аға оқытушысы Жуманбаев Айбек Жамбылұлын шәкірттерінің жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН!