Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 наурыз 2022сотрудничество, делегация

«PLASMASCIЕNCE» ЖШС-НІҢ ЗЕРТТЕУШІЛЕР ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН

2022 жылдың 04 наурызында Шәкәрім университетінің кәсіпкерлікті дамыту және коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен техникалық физика саласы бойынша PhD докторы, қауымдастырылған профессор Рахадилов Бауыржан Қорабаевич бастаған «PlasmaScince» ЖШС-нің зерттеушілер делегациясы Өскемен қаласынан Шәкәрім университетіне жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапарының мақсаты – университет және ғылыми-өндірістік ұйым арасында ғылыми коллаборацияны жасау арқылы ғылымды дамыту.
Кездесу барысында ғылыми ұйым мен жоғары білім арасындағы интеграцияны дамыту, ғылыми зерттеулер мен ғылыми кадрлар даярлау үшін бірлескен жұмыстар атқару мәселелері қарастырылып, алдағы уақытта өзара меморандумға қол қоюға келіссөз жүргізілді.