Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі06 қазан 2024референдум

ҚАЗАҚСТАН. АЭС ҚҰРЫЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ РЕФЕРЕНДУМ

Алдын ала болжам бойынша, бүгін сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда атом электр станцияларын салу жөніндегі референдумға сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берді, деп хабарлайды Орталық комиссия. Абай облысында 52,99 пайыз дауыс берді.  Атом электр станцияларын салу жөніндегі референдумның еліміздің және өңірдің болашағы үшін маңызы өте зор.

 

Шәкәрім университетінің қызметкерлері өздерінің азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде білдірді. Референдумға Семей қаласының жұртшылығы, елге сыйлы азаматтар да белсене қатысты. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жетекшісі Орал Шәріпбаев алғашқылардың бірі болып дауыс беріп, өз таңдауын жасау үшін таңғы сағат бесте тұрғанын атап өтті.  Ақсақал «Дауыс беру – Отан алдындағы парыз» екенін айтып, барша тұрғындарды белсене қатысуға шақырды.

 

Shakarim University ректоры облыс азаматы әрі оқу орнының басшысы ретінде өз пікірін білдірді.

– Мен ядролық сынақтар өткен жерде дүниеге келдім. Ал бүгін атом электр станциясының салынуын қолдап дауыс бердім. Неге? Мен үшін бұл тек жаңа нысанның құрылысы ғана емес, бұл – маңызды мәселе: біздің алдымызда атом энергиясын жасампаздық үшін пайдалану – жаһандық шешімі  тұр.

Менің «иә» деп дауыс беруімнің үш себебі бар.

 

Біріншісі.  Аймағымыз табиғи ресурстарды пайдаланады. Ал бұл – олардың сарқылуы, қоршаған ортаның айтарлықтай ластануы, мысалы біздің қаламыз, бірақ бұл жалғыз Семейдің мәселесі емес. Мұның салдарын жыл өткен сайын байқап отырмыз: қары қара қыс, ластанған ауа, экологияның нашарлауы. Мәселе жай ғана ыңғайсыздық ретінде емес, балаларымыздың денсаулығы мен болашағына нақты қауіп ретінде қарастырылады. Бұл жағдай таза және тиімді энергия көздеріне көшу қажеттілігін көрсетеді. Атом электр станциясын салу – бүгінгі шындықты өзгерту мүмкіндігі. Біздің бұдан былай ескірген және экологияға зиянды энергия көздеріне тәуелді болып отырғанымыз жарамайды.

 

Екіншісі. Еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі. Қазақстанда уранның орасан қоры бар, оны мемлекет мүддесі үшін пайдаланған дұрыс. Бұл бізге энергия импортын қысқартуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар электр энергиясын экспорттауға, ел экономикасын тұрақты әрі бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. Атом электр стансасының құрылысы, әрине, технологиялық жоба, бірақ одан да маңыздысы – бұл энергетикалық тәуелсіздікке, еліміздің одан әрі дамуына бағытталған стратегиялық қадам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайту үшін атом энергиясын пайдалану қажеттілігі туралы айтқан кезде дәл осыны ерекше атап өтті. Экологиялық мәселелер баламалы энергия көздерін қажет ететіндіктен АЭС көміртегі шығарындыларын азайту және қазба отындардан бас тартудың негізгі шешімі болады.

 

Үшіншісі. Абай облысы, Shakarim University-дің атом энергетикасы саласына маман даярлауды арттыру мүмкіндіктері. Біз қазірдің өзінде бұрынғы сынақтардың символы болдық, бірақ қазір жасампаздық жолындамыз. Ал мұндай жағдайда маман даярлау – атом электр станциясын қауіпсіз пайдаланудың кепілі, оның құрылысы да моральдық жауапкершілікті талап етеді, осыны біз студенттердің бойына сіңіруге міндеттіміз. Университет болашақ атом электр станциясында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандарды дайындайтын негізгі орталықтардың біріне айналуы тиіс.

 

Өзгерістер мен BANI-ақиқат жағдайында біз жаңашылдыққа ұмтылып, бейімделе білуіміз керек. Атом электр станциясын салу болашаққа жасалған қадам екенін, университет ретінде біздің міндетіміз осындай нысандарға қызмет көрсетіп қана қоймай, олардың қауіпсіздігіне кепілдік беруге қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау екенін түсінуіміз керек.

 

Бұл референдум – ескі мен жаңа, ескірген технологиялар мен заманауи шешімдер арасындағы таңдау. Және, әрине, АЭС салу туралы оң шешім ғылым мен техниканың дамуына серпін береді.