Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі03 шілде 2024новости

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы Шәкәрім университетіне жаңа мүмкіндіктер ашуда

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы Шәкәрім университетіне жаңа мүмкіндіктер ашуда
Бүгін Астанада өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдері саммиті аясында Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің басшылары елдер арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойды.
Маңызды келісімдердің бірі - инновациялар және жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастық. Бұл мемлекеттердің ғылыми-техникалық дамуға деген ұмытылысының дәлелі. 
Қазақстанның ұлттық университеттері мен Ұлттық ғылым академиясы Қытайдың үздік университеттері мен ғылыми орталықтарымен жаңа қарым-қатынас дәуіріне қадам басып жатқанда, біздің аймақ үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды оқиға орын алды. Ол - Shakarim University, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы технологиялар университеті арасында Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы ғылымы және білім беру орталығын бірлесіп құру туралы келісімге қол қойылуы.
Бұл құжат аграрлық секторды күшейтудің жаңа кезеңін айқындайды.
«Бұл біз үшін, университет қызметкерлері үшін үлкен жауапкершілік. Бұл оқиғаның негізінде профессор-оқытушылар құрамы мен жас ғалымдар қауымдастығының еңбегі жатыр. Бүгінде ғалымдарымыз шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып, ұсақ мүйізді малдың генефондын сақтау және басқа да міндеттерді шешуде. Енді бірлесе отырып, күш-жігерімізді аграрлық сектордың тұрақты даму саясаты мен инновациялық тәсілдер мен технологияларды әзірлеуге бағыттайтын боламыз. Бұл биологиялық әртүрлілікті сақтап қана қоймай, жер және су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге көмектеседі. Сәйкесінше, ол аймақтың экономикалық өсуі және  азаматтарымыздың әл-ауқаты үшін өте маңызды.  Адам капиталының дамуына назар аудару (білікті мамандар -  кез-келген бастаманың сәті орындалуының кепілі) қажет, жоғары дәрежелі агрономдарды, биотехнологтарды, экологтарды даярлауға ерекше көңіл бөлу керек. Олар соңғы ғылыми жетістіктер негізінде ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлестерін қоса алады. Біз жаңа кезеңдегі ынтымақтастыққа дайынбыз»,- дейді Shakarim University ректоры Думан Орынбеков.
Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы ғылымы және білім беру орталығын құру ынтымақтас елдердің аграрлық секторын трансформациялау және жаңғырту жолындағы маңызды қадам болмақ. Бұл ауыл шаруашылығы тәжірибесіне соңғы технологиялар мен ғылыми зерттеулерді интеграциялау арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Shakarim University
Баспасөз қызметі