Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 желтоқсан 2022дебат, білім алушылар, жеңімпаз

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

"Конгресс" интеллектуалды дебат клубы мен "Қазақстан студенттерінің Альянсы" ұйымының біріккен дәстүрлі «Kongress Cup VIII» республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті.
Турнир 6 аймақтың басын қосты. Оның ішінде Еуразия Ұлттық университеті/Астана/, Павлодар педагогикалық университеті , Торайғыров университеті/Павлодар/ ,Семей медицина университеті, Әлихан Бөкейхан сияқты жоғары оқу орындарының командалары қатысты.
– «Дебат тапқырлыққа, өзіңдік пікір қалыптастыруға, көшбасшы болуға және қоғамдағы жағдайларға баға беруге үйретеді. Жастардың сыни тұрғыда көзқарастарын білдіре алуы үшін дебаттың маңызы зор» – деді Басқарма мүшесі- әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор
м.а. Мақсат Карибаев.
Дебатқа жиыны 64 пікірсайысшы тіркелген болатын. Фракциялар пікірсайыс ережесіне сәйкес БПФ (Британдық парламенттік формат) және ЛД (Линкольн-Дуглас) форматтарында ойын көрсетті.
Екі күнге созылған ойынның финалында 4 команда бақ сынасты.
Бас жүлде қоры – 100 000 теңге.
Финалисттер – 30 000 тг
Жастар финалы – 20 000
Үздік спикер – 10 000
Нәтиже төмендегідей:
І орын –«Қылышымыз өткір» фракциясынан Серік Дидар мен Жорабек Олжас иеленді.
Финалисттер
«СМЛ апалары» фракциясын/ Тұрсынбаева Аяулым мен Ахатқызы Бинұр ,
«PUFF» фракциясы/ Хасанов Еркебулан мен Сағымбекова Ботакөз
«Әумин» фракциясы/Жақсылық Бекхан мен Балабек Аяулым болды.
Жастар финалында 1 орын алған «Көтеріліске шыққан құл» фракциясынан Кенжеғалиева Шырын мен Қадырғазыев Нұрсұлтан.
Финалисттер
«Триумф» фракциясы/Беков Темірлан мен Қожахан Мұрат,
«Медакадемия» фракциясы/ Серимханова Азиза мен Дәлелхан Ерасыл
«Шекер» фракциясы/ Әбіл Бекжан мен Қасенова Арай болды.
"Үздік төреші"атағына "Конгресс" ИДК-ның аға буын өкілі Ғанибек Ермұхаметұлы, "Үздік спикер" номинациясын Жақсылық Бекхан алды.
«Конгресс ИДК» координаторы Қабдыкеш Амина барлық жеңімпаздар мен финалисттерді марапаттап, алыстан келген пікірсайысшыларға алғыс білдірді.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!