Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 қаңтар 2024грант, олимпиада, школьники

ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНІҢІЗ!

Шәкәрім университеті мектеп оқушылары арасында университеттің 90 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім білім гранты» жүлдесі үшін пәндік олимпиадалар мен шығармашылық конкурстар өткізілетінін хабарлайды.

Пәндік олимпиадалар «Физика», «Биология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Шетел тілі» және «Тарих» пәндері бойынша жалпы білім беретін орта мектептер мен лицей, гимназиялардың 11 сынып оқушылары арасында өткізіледі. Олимпиадалар екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – онлайн форматта өтеді. Олимпиадаларға қатысу үшін өтініш беру, бірінші кезеңнің талаптарымен танысу және бірінші кезеңнің тапсырмаларын орындау пәндер бойынша көрсетілген сілтемеге өту арқылы жүзеге асырылады.

Екінші кезеңге (офлайн) бірінші кезеңде жоғары ұпай жинаған үміткерлер ғана шақырылады. Екінші кезеңге жолдама алғандарға оның келесі кезеңге өткені, екінші кезеңнің өту мерзімі мен орны және талаптары туралы олимпиаданы ұйымдастырушылар тарапынан 29.01.2024 – 31.01.2024 күндері аралығында қатысушының электронды поштасына хабарлама жіберіледі. Бірінші кезеңнің нәтижелері ведомость түрінде университет сайтына www.shakarim.edu.kz. орналастырылады

Шығармашылық конкурстар. «Музыка» бағыты бойынша шығармашылық конкурс бір кезеңнен ғана тұрады. Конкурс ережесімен танысу, конкурстарға қатысу үшін өтініш беру 22-26 қаңтар аралығында тиісті бағыттың сілтемесіне өту арқылы жүзеге асырылады. Ұйымдастырушылар тарапынан 29.01.2024 – 31.01.2024 күндері аралығында қатысушының электронды поштасына конкурстың қай күні өтетіні туралы хабарлама жіберіледі.

Пәндік олимпиадалардың өткізілу мерзімі:                                       

1-кезең: 22.01.2024 – 26.01.2024 аралығы. Онлайн форматта.

2-кезең: 05.02.2024 – 09.02.2024 аралығы. Офлайн форматта.

Олимпиадалар мен конкурстарға қатысуға өтініш беру және 1-кезеңнің тапсырмаларын орындау үшін Google-форма 22.01.2024 – 26.01.2024 күндері аралығында ғана ашық болады.

  1. Қазақ тілі мен әдебиеті: https://forms.gle/pmKVAP2tnhBTfhVt8
  2. Орыс тілі мен әдебиеті: https://forms.gle/MTTLPHcUY1JwNDYh7
  3. Шетел тілі: https://forms.gle/Zv1K3fX2a6D78nn79
  4. Физика: https://forms.gle/6b6W2255apQWZ55r7
  5. Биология:  https://forms.gle/NbMyCMs5winpE1as9
  6. Тарих: https://forms.gle/kGT2iKWPFxP4qDfY8
  7. Музыка:   https://forms.gle/Vbz9219MGhpxu9Ca7