Көктеммен бірге келіп, адамзатқа қуаныш сыйлайтын Әз-Наурыздың тарихы тереңде жатыр. Ата-бабаларымыз жаңа жылда өмірді жаңа қарқынмен бастай отырып, өткен тарихты да дәріптеуді ұмытпаған. Дәл осы мереке барлық құндылықтарымыздың басын біріктіретін Тарихқа тағзым ету күнінің мағынасы зор.
Шәкәрім университетінің басты миссиясы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман мен кемел тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда Шәкәрім жоғары колледжінде «Тарихқа тағзым» атты мерекелік жиын өткізді.
-Іс шараның басты мақсаты Қазақстан мемлекетінде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің Наурыз мерекесін атап өтуін насихаттап, жастардың ұлтжандыққа және ұлттық мерекелерді құрметтеуге шақыру дейді ұйымдастырушылар.
Наурыз мерекесін қарсы алушылар 9 мемлекеттен құралды. Әр мемлекет өздерінің өнерлерімен, тәтті тағамдарымен көрермен қауымды таң қалдырды. Көрсеткен өнерлеріне қарай әр ұлт өкілдері бірнеше номинациялармен марапатталды.
- "Үздік салт-дәстүр" номинациясы - Түрік мемлекеті;
- "Белсенді бишілер" номинациясы - Орыс ұлты;
- "Өнерлі халық" номинациясы Татар ұлты;
- "Қонақжай халық" номинациясы Грузин еліне берілді.
Ал үздік деп танылған жүлделі І орын «Қазақ ұлты»; ІІ орындар Өзбек пен Украин мемлекеттерінің студенттері иеленсе, ІІІ орынмен Үнді және Корея мемлекеттері жайғасты.
-Осылайша іс-шарамыз спорттық жарыстармен жалғасын тапты. Ер-азаматтардан құралған Өзбек ұлы "Арқан тартыс" жеңімпазы атанды. 16 кг салмақта екі бірдей гирьді қатар көтеруден Мансуров Аян жеңіп алса, ал қол күрес жеңімпазы Мейрамбекұлы Дарынға бұйырды. Оқытушылар ішінен ерекше өнер көрсеткен Гульшара Дүйсенғазықызына да алғысымыз шексіз болды,- деді тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Мейрамгүл Жакиянова .