Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі04 наурыз 2024ғылым, мектеп оқушылары

«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ»: 175-ТЕН АСТАМ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ШӘКӘРІМТАНУ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРДЕЛЕДІ

Бүгін Shakarim University дәстүрлі «ШӘКӘРІМ оқулары» VIII облыстық конференциясын өткізді. Шара Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Осымен 8 рет өткізілген Шәкәрім оқуларына абайтанушы, шәкәрімтанушы ғалымдар, Семей және Аягөз қалаларының, Бородулиха, Үржар, Бесқарағай аудандарының 35 мектебі мен 9 колледжінен 175-тен астам жоғары сынып оқушылары қатысты.
Конференция университеттің Басқарма төрағасы Думан Орынбековтың алғы сөзімен басталды.
- Shakarim University аймақтағы мектептер мен колледждер арасында тығыз ынтымақтастық орнатуда. Көптеген студенттер өздерінің, ғылыми зерттеу жұмыстарын университеттің зертханаларында, орталықтарында және кафедраларында жүргізеді. Сонымен қатар, оқушылар ғылыми үйірмелердің мүшелері болып табылады. Сондай-ақ, ЖОО ғалымдарының кеңестерін алады, олардың жетекшілігімен ғылыми жобалар орындайды. Ұстаздар біздің білім ордасының оқытушыларымен белсенді жұмыс істейді, бірлескен оқу құралдарын шығарады, мақалалар жариялайды, түрлі жобаларды жүзеге асырады,-деді ректор.
Ғылыми ізденістерді жүргізу, конференцияларда, конкурстарда сөз сөйлеу, өз жетістіктерін көрсету – мұның бәрі оқушылардың дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жылдам тіл табысуға мүмкіндік беретін сөзсіз. Шарт бойынша конференцияның бірінші кезеңі мектептер мен колледждерде өтті. Қатысушылар екінші кезеңде 9 секцияға, яғни, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс және шетел филологиясы, гуманитарлық ғылымдар, физика-математика ғылымдары, информатика және ақпараттық технологиялар, педагогикалық, экономикалық, инженерлік ғылымдар бойынша өзіндік ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерімен таныстырды.
Айта кетерлігі, өткен жылдармен салыстырғанда колледж студенттері аталған байқауға белсене қатысуда. Конференция соңында жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Секцияларда өз баяндамаларын ұсынған барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.