ШӘКӘРІМ ГРАНТЫНЫҢ” ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

04 февраль 2022грант, мектеп оқушылары

 “Білім – бақтың жібермейтін қазығы...”, - дейді дана халқымыз. Қазіргі заманауи кезеңде білім – дамудың негізгі көрсеткіші және басты бағыты. Оқу орнымызда дарынды оқушыларды қолдау және ынталандыру мақсатында мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған пәндік олимпиада және шығармашылық конкурс өз мәресіне жетті. Олимпиада биология, шетел тілі, тарих, математика пәндері және шығармашылық конкурстар...

Подробнее

АЙМАҚТЫҢ МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ»

02 апрель 2022мектеп оқушылары, шәкәрім оқулары

2 сәуірде университетте жыл сайынғы «ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ» конференциясы өтті. Конференция жұмысы қатысушылардың негізгі ғылыми бағыттар бойынша өзіндік зерттеу қызметінің нәтижелерімен сөз сөйлеуін қарастырды. Шарттарға сәйкес конференцияның бірінші кезеңі мектептер мен колледждерде өткізілді. Жеңімпаздар екінші кезеңге – университеттегі презентация жұмысымен қатысу ұсынылды. Шәкәрім оқуларына Семей қаласының 16 мектебі мен 10 колледжінен,...

Подробнее

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ШӘКӘРІМ МЕКТЕБІН БІТІРУШІЛЕРДІ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

25 май 2022мектеп оқушылары, поздравление, құттықтау

Шәкәрім университеті Шәкәрім мектебімен «ЖОО - Мектеп» жобасы аясында ұзақ жылдардан берi жұмыстар атқарып келеді. Қаланың ең үздік білім ошағымен бірқатар ортақ жобалар бар. Университеттің практикалық базасы ретінде кафедралардың филиалдары, интеграцияланған оқу жоспарлары, дуалды оқыту жүйесі, білім беру бағдарламалары және ғылыми зерттеу жұмыстары аталмыш мектеппен бірлікте жүзеге асырылуда. Мектеп тарихымен...

Подробнее

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА КЕҢЕС БЕРУДЕ

07 октябрь 2022мектеп оқушылары, кеңес беру

Кәсіби бағдар беру — әрбір оқушының қабілеті мен бейімін ескере отырып мамандық таңдау ісінде дұрыс кеңес беру. Бұл іске, баланың келешектегі бүкіл өміріне өзек болатын кәсіпті дұрыс таңдауына, тек ата-ана ғана емес, бүкіл қоғам, оның ішінде, тәлім-тәрбие беруші ұстаздар да, психологтар мен дәрігерлер де асқан жауаптылықпен қарауы тиіс. Мектеп бітірушілер...

Подробнее

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ИНТЕЛЛЕКТ ФОРМУЛАСЫ» ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

мектеп оқушылары, кәсіптік бағдар, зияткерлік ойын, интеллектуальная игра

Бүгін Шәкәрім университетінде 8-11 сынып оқушылар арасында өңірлік «Интеллект формуласы» зияткерлік чемпионаты өтті. Чемпионатты «Атом саласының ақпараттық орталығы» дербес коммерциялық емес ұйымы, «Болашақ энергиясы» Атом энергиясы жөніндегі ақпараттық орталықтарды дамытудың дербес коммерциялық емес ұйымы және «Ұлттық балалар технопаркі» білім беру мекемесі ұйымдастырды. «Интеллект формуласы» – 2013 жылдан бері оқушылар арасында...

Подробнее

АБАЙДЫ ТАНУ – ҚАЗАҚТЫ ТАНУМЕН БІРДЕЙ!

21 декабрь 2022мектеп оқушылары, абайтану, кемел адам

Шәкәрім университетінің миссиясы: ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген білікті маман дайындаумен қатар, Кемел адамды (А.Құнанбаев) қалыптастыру екені баршамызға мәлім. Сондай-ақ, Университеттің төртінші миссиясы – қоғамға қызмет етуге де аса назар аударылуда. Қасиетті Абай топырағын басып, Шәкәрім атындағы қара шанырақта қызмет етіп жатқан біздерге маңдайымызға біткен хакім Абайдай бағымызды өз биігінен түсірмей,...

Подробнее

«ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫНЫҢ» ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

30 январь 2023грант, мектеп оқушылары, шәкәрім олимпиадасы

​Соңғы уақытта білім саласында орын алған реформалардың сапаға бағытталып жатқаны анық. ЖОО сапалы маман даярлау бағытында түрлі жобалар мен шаралар ұйымдастыруда. Университеттердің өз білім гранттарын әртүрлі байқаулар өткізу арқылы ұсынуы да – өз қатарына дарынды да білімді жастарды тартудың бір жолы. ​Шәкәрім университетінде осы бағыттағы үлкен шара – пәндік олимпиадалардың...

Подробнее

ШӘКӘРІМ КЕРУЕНІ КӨКПЕКТІ ЕЛІНЕ КӨКТЕМ ШУАҒЫН СЫЙЛАДЫ

15 март 2023мектеп оқушылары, ынтымақтастық, шәкәрім керуені, кешенді жоба, жоо мен мектеп

Батыс Түрік қағанатының кіндік тамыры болған Көкпекті жері, Толағай тауының етегі – қасиетке толы өңір. Еліне, жеріне Асан қайғының жерұйығын сыйламақшы болған Тарбағатай тауының бір шатқалын көтеріп келе жатқан Толағай дәл осы тұста тау астында қалған деген аңыз бар... Киелі өңірден кешегі тоғыз Кеңес Одағының батыры, тоғыз Еңбек Ерлері, университет...

Подробнее

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ - МЕЙІРІМДІЛІК, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МЕЙРАМЫ

22 март 2023мектеп оқушылары, шәкәрім гранты, жүрек жылуы

Ұлыстың ұлы күні қашаннан қайырымдылық жасап, сауап алатын мереке. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлылық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұсауын кескен «Жүрек жылуы» челленджін қолдау мақсатында Шәкәрім университеті ата-ана қамқорлығынсыз қалған және толық емес отбасынан шыққан Семей қаласының 17 мектеп түлегіне...

Подробнее

«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ»: 130-ДАН АСТАМ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ШӘКӘРІМТАНУ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРДЕЛЕДІ

01 апрель 2023мектеп оқушылары, шәкәрім оқулары, облыстық конференция

Бүгін Шәкәрім университетінде жыл сайын өткізілетін «ШӘКӘРІМ оқулары» облыстық конференциясы өтті. Конференция ғұлама философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды. Осымен 7 рет өткізілген «Шәкәрім оқуларына» абайтанушы , шәкәрімтанушы ғалымдар, Семей және Аягөз қалаларының, Бородулиха, Жарма, Аягөз аудандарының 22 мектебі мен 8 колледжінен 130-дан астам жоғары сынып оқушылары қатысты....

Подробнее

ШӘКӘРІМДІКТЕР ҰЛЫЛАР МЕКЕНІНЕН ҰЛЫ МАҚСАТПЕН ОРАЛДЫ

08 апрель 2023мектеп оқушылары, ынтымақтастық, шәкәрім керуені, ауыл мен жоо

Шыңғыстау – қазақтың рухани ордасы. Қаймағы бұзылмаған қазақылық қалпын сақтаған өңірге Шәкәрім университетінің делегациясы "Шәкәрім керуені" кешенді жобасы аясында жұмыс сапарымен келіп қайтты. Бас қосуға университет басшылығы, Абай ауданы әкімдігі, білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздары және мектеп түлектері қатысты. Сапардың бірінші бөлімінде алғы сөз сөйлеген Абай ауданының әкімі Нұржан...

Подробнее

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛҒАШҚЫ «DARYN FEST» ФОРУМЫ ӨТТІ

07 апрель 2023мектеп оқушылары, форум, ынтымақтастық, пікір алмасу

Бүгін Шәкәрім университетінде «DARYN FEST» Абай облысы дарынды түлектерінің алғашқы форумы өтті. Бас қосуға 300-ге жуық «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» үміткерлері, спорт, өнер саласындағы жетістікке жеткен білім алушылар қатысты. Шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау хатымен ашылды. Форумның басты мақсаты – Абай облысының зияткерлік элитасын...

Подробнее

ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ: ЕЛ ЕРТЕҢІ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰРПАҚ ҚОЛЫНДА

11 апрель 2023мектеп оқушылары, интеллектуалды ойын

Бүгін Шәкәрім университетінде Ғылым апталығы аясында дәстүрге айналған «INTELLECTUAL BATTLE» танымдық-интеллектуалдық ойынының финалдық кездесуі өтті. Елдің интеллектуалдық капиталы мен қоғамның дамуы білім және ғылым арқылы, рухани құндылықтар арқылы қалыптасады. Осы міндетті мақсат тұтқан Кәсіптік бағдар беру және қабылдау комиссиясы бөлімі шараны жоғары деңгейде өткізді. Биылғы байқаудың ерекшелігі аудан мектептерінің көптеп...

Подробнее

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫН ЗЕРТТЕУДЕГІ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАР

29 февраль 2024мектеп оқушылары, ғылыми семинар

Мектеп оқушыларының ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытып, жаратылыстану саласындағы білімдерін тереңдетуге ұмтылатындығы байқалуда. Осы орайда Shakarim University Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен “Жаратылыстану ғылымдарын зерттеудегі заманауи тенденциялар” тақырыбында практикалық семинар өткізді. Аталған семинарға университет басшылығы, жас ғалымдар, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Семинар мақсаты жаратылыстану ғылымдары бағытында зертханалық жұмыстардың заманауи тенденцияларын қолдана...

Подробнее

«ШӘКӘРІМ ОҚУЛАРЫ»: 175-ТЕН АСТАМ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ШӘКӘРІМТАНУ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРДЕЛЕДІ

04 март 2024ғылым, мектеп оқушылары

Бүгін Shakarim University дәстүрлі «ШӘКӘРІМ оқулары» VIII облыстық конференциясын өткізді. Шара Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Осымен 8 рет өткізілген Шәкәрім оқуларына абайтанушы, шәкәрімтанушы ғалымдар, Семей және Аягөз қалаларының, Бородулиха, Үржар, Бесқарағай аудандарының 35 мектебі мен 9 колледжінен 175-тен астам жоғары сынып оқушылары қатысты. Конференция университеттің Басқарма төрағасы...

Подробнее

SHAKARIM UNIVERSITY МАҚАНШЫ АУДАНЫНА КӨКТЕМ ШУАҒЫН СЫЙЛАДЫ

14 март 2024білім, мектеп оқушылары, кәсіптік бағдар беру

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Ұлттық Құрылтайда Мақаншы ауданын қайта құру бойынша бастама көтерген болатын. Осы ретте, ғасырға жуық тарихы бар Shakarim University арнайы «Шәкәрім керуені» кешенді жобасы аясындағы сапарды қайта жанданған Мақаншы ауданынан бастады. Мақаншы жері – қазақтың дарабоз батыры Қабанбайдың ұрпақтары қоныстанған, Әсет пен Әріп сияқты ақын-әншілерді тарих сахнасына шығарған,...

Подробнее

«Алтын белгі» иегерлеріне айрықша мүмкіндік

28 май 2024мектеп оқушылары, бақ біз туралы, сми о нас

https://shakarim.edu.kz//upload/editor/news/Kazakstan-Altyn-belgi-iegerlerine-ajryksa-mmkindik.pdf

Подробнее