Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 қараша 2023зияткерлік ойын, интеллектуальная игра, квиз

«SHAKARIM QUIZCLUB» ЗИЯТКЕРЛІК КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОЙЫНЫ

Шәкәрім университетінде «Shakarim QuizClub» зияткерлік клубының ұйымдастыруымен студенттер арасында  дәстүрлі «Кубок совы» зияткерлік ойыны өтті.

 

Дарынды жастардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру мақсатында құрылған «Shakarim QuizClub» жобасы  жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал етеді. Осылайша ұшқыр ойды қалыптастыруда таптырмас жобаға жастар тарапынан қызығушылық артып келеді. 

 

Топтық ойын әртүрлі бағыттағы тапсырмаларды қамтитын 6 кезеңнен тұрды. Командалар тартысты әрі қызықты ойында зияткерлік қабілетті дамытуға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындады.

 

Тартысқа толы өткен зияткерлік ойын қорытындысына сәйкес:

1 орын – Парасат дебат ұйымының «Парасат» командасы;

2 орын – Инженерлік-технологиялық факультетінің «Техно-Star» командасы;

3 орын – Гуманитарлық-экономика факультетінің «Алаш» командасы.

 

Барлық жеңімпаздарды жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз!