Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 сәуір 2024неделя науки, республиканский семинар

SHAKARIM SCIENCE WEEK: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

Ғылым апталығы аясында Shakarim University «Радиоэкологиялық зерттеулер» ҒО «Спектромарт» ЖШС бірлесіп, «Өндірістегі, ғылымдағы және экологиядағы спектрлік талдау» республикалық ғылыми-оқыту семинарында еліміздің түкпір-түкпірінен ғалымдар мен мамандарды жинады. Спектрлік талдау саласындағы соңғы жетістіктер мен зерттеулерді талқылау үшін Астана, Павлодар және Қарағанды, қалаларынан жетекші ғылыми қызметкерлер мен сарапшылар басқосты.
Спектрлік талдау көптеген салаларда шешуші рөл атқарады - тау-кен өндіруден бастап күрделі экологиялық мәселелерді шешуге дейін. Сондықтан семинар тақырыбы өзекті ғана емес, сонымен қатар ғылыми қоғамдастық пен сала мамандары үшін өте маңызды. Әсіресе, Абай өңіріне.
Семинарға қатысушылар спектрлік талдауға қатысты көптеген мәселелерді, оның ішінде ғылым, техника және экологияның әртүрлі салаларында қолданылуын қамтитын баяндамаларын ұсынды. Басқосуда әртүрлі материалдар мен заттардың құрамы мен сипаттамаларын жаңа дәлдікпен анықтауға мүмкіндік беретін спектрлік талдаудың инновациялық әдістеріне ерекше назар аударылды. Сарапшылар бұл әдістерді тау-кен жұмыстарында, сондай-ақ ғылыми зерттеулерде тиімділік пен тұрақтылықты арттыру үшін қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Shakarim University базасында өткізілген республикалық семинар ғылым мен технологияларды дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін маңызды оқиға болды.