Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 қыркүйек 2023университет басшылығы, жолдау

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАУДА

Бүгін Шәкәрім университетінің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тыңдауда. Маңызды саяси шара Парламент палаталарының бірлескен отырысында өтуде.
Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет.
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек,- деді Мемлекет басшысы.
Жолдауды тікелей республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрулеріңізге болады.