Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі01 қыркүйек 2023студенттер, құттықтау, білім күні

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНДА БІЛІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Шәкәрім университеті Білім күнін сән-салтанатымен атап өтті. Салтанатты шараға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, облыстың зиялы қауым өкілдері, әлеуметтік серіктестер, білім алушылар және ата-аналар қатысты.
Салтанатты шараның алғашқы құттықтау сөзін Басқарма төрағасы – Ректор Думан Орынбековке берілді.
– Оңтүстік Корея, Польша елдерінің шетелдік ЖОО-мен қос дипломды білім беру бағдарламаларын табысты жүзеге асырудамыз. Мәселен, биылғы жылдан бастап Шәкәрім университеті Быдгощ қаласындағы Экономика университетімен бірлесе отырып, қос дипломды білім беру бағдарламаларына қабылдау жариялады. Бұл қазақстандық дипломмен қатар Еуропалық университет дипломын алудың бірегей мүмкіндігі»!- деді Думан Рымғалиұлы.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес алдағы оқу жылында «Shakarim High School» жоғары мектебі 10-11 сыныптар бойынша өз жұмысын бастайды. Нарық талабына сай қажетті мамандарды даярлауда, Шәкәрім университеті өңірлік ЖОО арасында алғашқылардың қатарында болып, 3 білім беру бағдарламасы бойынша 3 жылда білікті маман иесі атануға мүмкіндік ашты.
Өз кезегінде Быдгощ Экономика университетінің Дене шынықтыру және спорт институтының директоры, профессор Александр Скалий бүгінгі айтулы мейраммен білім алушыларды құттықтай отырып, екі университет арасындағы ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.
Биылғы оқу жылына университетімізге жоғары колледжді қосқанда 3500-ге жуық студент қабылданды. Күндізгі бөлімге түскендердің 40%-ы мемлекеттік грант иегерлері. Бұл көрсеткіш университеттің сапалық деңгейін айқындайды. 50-ге жуық «Алтын белгі» иегерлері Шәкәрімді таңдады.
Алыс-жақын мемлекеттерден Абай елінде білім аламыз деген шетелдік жастардың да қарасы аз емес. Еліміздің түкпір-түкпірінен атап айтар болсақ, Ақтау, Атырау, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда және т.б. елді-мекендерінен келген білім алушыларда бар.
Қабылдау комиссиясында қызмет атқарған 20-ға жуық студентке бір реттік шәкіртақы мен алғыс хаттары берілді. Рәсім мерекелік концертке ұласып, 1 курс студенттеріне «Білім кілтінің» символикасы табысталды.
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Киелі мекенге қош келдіңіздер!