Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 мамыр 2022студенты, победа

ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНЫҢ СТУДЕНТІ АЗИЯ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Роза Нысантайқызы Алматы қаласында өткен жастар арасындағы Азия кубогының жеңімпазы атанды.
Үш күнге созылған сайыс Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Халықаралық жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және АҚШ құрамаларының 500-ден астам балуандар қатысты.
Розаның жаттықтырушысы университетіміздің аға оқытушысы Жұманбаев Айбек Жамбылұлын шәкіртінің жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫ!