Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі15 қазан 2021

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ #ERASMUSDAYS 2021 КҮНДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ

️Бүкіл әлем бойынша 14-16 қазан аралығында #ErasmusDays 2021 халықаралық күнінің бесінші шығарылымына арналған іс-шаралар өтуде. ERASMUS + жобалары әлемнің көптеген елдерінде білім беру әлеуетін арттыруға бағытталған. Өткен 2020 жылы Қазақстанның 29 жоғары оқу орны ERASMUS күндерін мерекелеуге қатысып, осы іс-шараларды бүкіл әлемге таратты.

Шәкәрім университеті де  «Семей машина жасау зауыты» АҚ өндірістік алаңында ErasmusDays 2021 аясында «Машина жасаудағы дуалды оқыту» Шоу-туры өткізілді. Іс-шараның мақсаты: университеттер мен индустрияның серіктестігі негізінде кадрлар даярлаудың үздік тәжірибелерін тарату.

ЖОО оқытушылары мен кәсіпорын тәлімгерлері студенттерге зауыт жабдықтарында тәжірибелік дағдыларды көрсете отырып оқыту ұйымдастырды. Біздің қара шаңырағымызда TEMPUS, ERASMUS+ түрлі жобаларын жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибе бар. Қазірдің өзінде DOCMAN (2015-2018 жж.) және COMPLETE (2015-2018 жж.) ЖБӘА 2 жобасы сәтті іске асырылды.

Бүгін Қазақстанда дуалды оқытуды енгізу жобасының негізінде іс – шара өткізілді - KAZDUAL (2021-2024) - http://kazdual.kz/ . @kazdual . Жобаға әлемнің 4 елінен (Германия, Австрия, Эстония, Қазақстан) 13 әріптес қатысады.