Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі07 қазан 2023сенбілік, субботник

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ТАЗАЛЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

Күз мезгілі келісімен үрдіс бойынша қала көшелерінде, саябақ пен оқу орындарында сенбілік шаралары жүргізілетіні белгілі.

 

Аталған шараға Шәкәрім университеті де ұжым болып кірісіп, белсенді түрде сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты. Сондай-ақ, сенбілікке қатысушылар  шыршаның 100 көшетін екті.

 

Тазалық жұмыстарын жүргізу университет қызметкерлерінің назарынан тыс қалған емес. 

 

Айта кету керек, Шәкәрім университетінің ұжымы тұрғындарды қаланы көгалдандыруға үлес қосуына септігін тигізіп, ағаштарды күтіп-бағуға шақырады.