Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі27 қараша 2023жастар саясаты, дебат турнирі, республикалық жарыс

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ

Шәкәрім университетінің «Конгресс» интеллектуалды дебат ұйымы ғұлама философтың 165 жылдық мерейтойы аясында “Kongress cup IX” дәстүрлі республикалық пікірсайыс турнирін өткізді.
23 жылдан астам бері Конгресс дебат ұйымы болашақ көшбасшылықты ғана емес, түрлі көзқарастарды тыңдай алатын, құрметтейтін қоғамды қалыптастыратын орынға айналды. Бүгінде ұйымның өзіндік дәстүріне айналған турнир 9-шы мәрте өткізілуде.
Құттықтау сөз сөйлеген Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков алыс-жақыннан келген барша қатысушыларға алғысын білдіріп, зияткерлік элитаны қалыптастырудағы қадамдарына тек сәттілік тіледі.
-Дебат турнирі қатысушылардың басқарушылық идеялары мен шығармашылық белсенділігін, өз көзқарастары мен ұстанымдарын жеткізе білу қабілеттерінің дамуына жәрдемдеседі. Осындай өзіндік ойы бар жастарымыз көп болсын!- деді университет басшысы.
Екі күнге созылған турнирге республика көлемінде 82 фракция тіркеліп, 32 фракция іріктеуден өтті. Оның ішінде Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Арқалық, Алматы, Астана, Өскемен қалаларының пікірсайысшылары келді. Дебатқа алғашқы жыл қадам басқан жас буындар мен аға буындардан құралған аралас фракциялар қатысты.
Сайыс нәтижесі келесідей:
  • Үздік спикер- Рымқұлов Асылжан
Жеңімпаздар:
  • Жеңімпаз - Өмірбаев Райымбек
  • Далелхан Кенжебек
Финалист:
  • Исахан Нурбахыт
  • Жақсылық Бекхан
  • Бекенбай Ерасыл
  • Сарсенбаев Жігер
  • Арыхханов Ертіс
  • Тулегенов Диас
Жастар финалы:
  • Жеңімпаздар - Баймұқанбет Нұр-Әділ
  • Халелова Дина
Жастар алаңының финалистері:
  • Исахова Аружан
  • Алишерқызы Аяжан
  • Дастанқызы Аида
  • Рафгатулы Расул
  • Базарова Ақниет
  • Жалғасова Бибімария
Барлық қатысушыларға алғыс хат пен сертификат, қаржылай сыйлықтар табысталды.