Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 мамыр 2024аккредитация

SHAKARIM UNIVERSITY МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ БАСТАЛДЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде 15 білім беру бағдарламасына мамандандырылған аккредиттеу басталды. Аккредиттеуді ARQA агенттігі жүргізеді.
Мамандандырылған аккредиттеу - білім беру бағдарламасының сапасын сырттай бағалаудың маңызды нысаны.

Аккредиттеудің бірінші күнінде сарапшылар тобы басқарма мүшелерімен, ББ басшыларымен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен әңгімелесу өткізді, сондай-ақ материалдық-техникалық базаның жай-күйімен толық танысады.