Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 желтоқсан 2023үздік жаттықтырушы, лучший тренер

SHAKARIM UNIVERSITY ОҚЫТУШЫСЫ – ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Бүгін Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен “Жыл үздігі - 2023” облыстың үздік спортшыларын марапаттау рәсімі өтті.

 

Үздіктер қатарынан көрінген Шәкәрім университетінің оқытушысы Айбек Жуманбаев “Ұлттық спорт түрлерінің үздік жаттықтырушысы” номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ арнайы кубок пен 250 мың теңгенің қаржылай жүлдесін иемденді. Осылайша спорт аламанында оза шауып, университет мерейін үстем еткен әріптесімізді  жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқытушылық қызметте және жаңа биіктерге жетуде табыс тілейміз!